Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 36 °С
валюта бағамы
USD 325.58
EUR 381.51
RUB 5.49
CNY 48.32

Алдағы екі күнде Сырдарияда су деңгейі көтеріліп, 4 ауданға қауіп төндіруі мүмкін

Алдағы екі күнде Сырдарияда су деңгейі көтеріліп,  4 ауданға қауіп төндіруі мүмкін
2017 жылғы 21 сәуір 21:26 1723

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысына қарай аққан шамадан тыс тасқын су   салдарынан Шардара су қоймасында су деңгейінің көтерілу қаупі бар, деп хабарлайды «ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрболат Дербісовтің айтуынша, Өзбекстан гидрометінен келген ескертуге  сәйкес, «сәуірдің 22-24 күндері Сырдария өзеніне  секундына 1,8-2 млн текше метр су келеді деген болжам бар.  Өйткені  Сырдария өзеніне келетін  су шығыны Чиназ бекетінде секундына 1,5 - 1,6 мың текше метрге, ал  Шыршықтың төменгі ағысында  секундына 500-550 текше метрге жеткен. Өз кезегінде Сырдария өзені бойынша Өзбекстан аумағына судың шамадан тыс  келуі салдарынан Шардара су қоймасында су ұлғая түсетіндігін мәлім. Ал Шардара су қоймасының сиымдылығы 5,2 млрд текше метр болса қазір онда 4 млрд 886 млн текше метр су бар. Қазіргі таңда келіп жатқаны секундтына 1,5 мың текше метрді құрап отыр.  Департамент басшысының сөзінше, егер көрші елден көп су келген жағдайда Арыс, Отырар, Шардара аудандары мен Түркістан қаласының кей елді мекендерін су басуы мүмкін. Сондықтан төтенше жағдайды болдырмау үшін өңірде сақтық шаралары күшейтіліп жатыр. 

 

 

Басты сөздер: Су тасқыны, Оңтүстік Қазақстан облысы,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер