Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 336.05
EUR 394.49
RUB 5.85
CNY 50.63

Алдағы демалыстарда күн ысиды

Алдағы демалыстарда күн ысиды
2017 жылғы 19 мамыр 15:49 1205

АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс күндері еліміздің басым бөлігі жылынады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райының күрт ауытқуы - мамыр айының ерекшелігі болып табылады. Осы жылы сол үрдіс сақталды. Солтүстік және орталық облыстарда түнгі үсіктер жақын тәуліктерде оңтайлы температураға ауысып, дүйсенбіде түнгі ауа температурасы +7...15°С болады деп күтілуде. 

Алдағы үш тәулікте шығыс облыстарда антициклонның әсерінен мұнда жаңбырсыз, бірақ кей жерлерде  ауа температурасы 1...3º дейін төмендейді.

Еуропалық Ресейдің оңтүстік аумағынан жылжыған циклондар Қазақстанға ауысып, олар шығысқа қарай жылжи отырып, жаңбыр шақырып, кей жерлерде найзағай ойнайды, екпінді жел алдымен республикамыздың батысында, содан кейін солтүстігі мен орталығында, оңтүстігінде болады деп болжануда.

Оңтүстік-батыс тропосферлық ағындардың әсерінен ауа температурасы жоғарлайды деп күтілуде.

Еліміздің бас қаласында 20 мамыр күні жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасып, ауа температурасы түнде +6+8°С, ал күндізгі уақытта +20+22°С дейін көтеріледі. Ал 21 мамыр күні жылы ауа райы сақталып күндіз +24+26°С дейін жылынады деп болжайды Қазгидромет мамандары.

 

 

Басты сөздер: Ауа райы,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер