Алдағы демалыста күн суытады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» алдағы демалыс күндері 23-25 қыркүйекке ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің болжауынша салқын ауа райы күтіледі.

«Қазақстанға Карск теңізі аумағынан суық және ылғалды ауа массалары келеді, сол себептен демалыс күндері күн суытады және жаңбыр күтіледі, солтүстік, орталық және шығыс аудандарда жаңбырдың соңы қарға ауысуы ықтимал», - делінген хабарламада.

Оңтүстік шығыста жексенбі және дүйсенбі күндері жаңбыр, таулы аймақтарда сулы қар және ауа температурасы төмендеп, үсік жүруі м.мкін деп болжанады.

«Батыс облыстарда да ауа райының ауысуы күтіледі, демалыс күндері жаңбыр жауады және ауа температурасы төмендейді. Егер де ең жоғары ауа температурасы +30+36 болса, сенбі күні +15+20, оңтүстік батыста +23+28, яғни орташа көпжылдық мәндерге жақын», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, еліміздің өзге аумақтарында ауа температурасы климаттық мөлшерден 2-6 градусқа төмен болуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар