Алдағы бес жылда Астанада су тарифтері қымбаттамайды
«Астана Су Арнасы» АҚ үшін тарифтер 2016 жылдың 1 қаңтарында бекітілді. 2017 жылдың 1 мамырынан бастап пайдаланылған су тарифі 86,87 теңгені, және сумен жабдықтау қызметтеріне 94,25 теңгені құрайды. Алдағы бес жылда бұл тариф бекітілген бағалар деңгейінде сақталуға тиіс», - деп атап көрсетті монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Нұрлан Айтбаев.
2016 жылдың 1 мамырынан бастап елорда тұрғындарына қызметтерге тафритерді төмендету арқылы өтемақы төленеді. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті өкілдерінің айтуынша, жалпы сомасы 205 млн теңге болатын өтемақы тарифтері 2015 жылға жоспарланған инвестициялық бағдарламада қарастырылған шаралардың орындалмағаны үшін қарастырылған.
2016 жылдың 9 айында «Астана Су Арнасы» ҚМК инвестициялық шараларды орындау көлемі 837 млн. теңгені құрады. Қаржы станцияларда есептегіш құралдары бар автоматтандырылған жылу тораптарын орнатуға, тозығы жеткен сорғы жабдықтарын ауыстыруға, 2,8 км кәріз желілерін қайта жөндеуге және тағы да басқа жұмыстарға бағытталған.
Мамандардың айтуынша, үстіміздегі жылдың соңына дейін 413 млн теңге соманың кешенді шараларын іске асыру көзделген, соның ішінде, суды коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізудің бірінші кезеңі, және 2017-2020 жж. сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жөндеу үшін ЖІЖ әзірлеу және түзету жоспарланған.