Алаяқтар қарағандылықтарға 1 мың теңгеге киноға түсуді ұсынуда

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Азаматтарға белгісіз алаяқтар мың теңге төлеп, көркем фильмге түсуді ұсынуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қосымша рөлдерге әртістер іздестіріліп жатқаны туралы OLX тегін жарнамалар сайтында жарияланған. Белгісіз біреу Қарағандыдағы басты көшелердің бірінде жүргізілетін заманауи фильмнің түсіріліміне қатысқысы келетін азаматтарға анкета толтыруды ұсынуда. Содан соң, ол қатысушылардың анкеталарында көрсетілген электронды пошталарына ұсыныс жібереді. Әкімші түсірілімге қатысқысы келетін азаматтарға киви-әмиянға мың теңге аударуды талап етеді. Әкімші өзінің бұл әрекетін қатысушының белгіленген күні түсірілім алаңына келетініне және ниетінен айнып қалмайтынына кепілдік деп түсіндіреді.

«Қарағандыда фильм түсіріп жатқан ешқандай түсірілім тобы жоқ. Егер түсірілім орталық көшелерде жүргізіліп жатқан болса, біз міндетті түрде құлағдар болар едік», - деп хабарлады Қарағанды облыстық мәдениет басқармасы.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдарына алаяқтық туралы шағым түспеген. 

Соңғы жаңалықтар