Алаяқтар атыраулық зейнеткерлердің 1 млн теңгесін жымқырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бір өңірден екіншісіне кете беретін алаяқтар атыраулық зейнеткерлердің 1 млн теңге жымқырды.

«Қылмысқа екі жігіт пен бір бойжеткен барған. Өздерін газ компаниясының қызметкеріміз деп таныстырған олар алдай отырып зейнеткерлердің пәтеріне кірген. Сөз арасында олар ақшаның жасанды түрлері көбейіп кеткендіктен сақ болу керектігін ескерткен. Осы тұста купюраны тексеретін құрылғыларын көрсеткен. Жас үлкен адамдар құрылғыға қызығушылық танытып жиған ақшаларын тексертіп алмақ болады. Қарттардың ақшаны қайда қойғанын білген олар оны ұрлап кетіп отырған. Үш зейнеткерден қылмыскерлер 1 млн теңге жымқырған. 93-тегі ақсақалдан - 122 мың теңге, 80-дегі қариядан - 18 теңге, 74-тегі зейнеткерден 700 мыңнан астам теңге иемденіп кеткен. Қазір алаяқтарға алданып қалса да полицияға шағымданбаған осындай адамдар бар болу мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды», - деді өңірлік ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.

Күдіктілер Орал қаласында қолға түсті. Алаяқтардың бірі 1981 жылғы батысқазақстандық. Екіншісі 25 жастағы алматылық. Олар бұған дейін де осындай қылмыстары үшін жауапқа тартылған.

Соңғы жаңалықтар