Алаяқтар алматылықтардың атынан онлайн несие рәсімдеген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ер адамның атынан белгісіз адамдар несие рәсімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталған істі Алмалы аудандық соты қарады.
Алматы тұрғыны ешқандай несие рәсімдемегенін айтып сотқа жүгінген.
Осы оқиғадан соң жәбірленуші несие бюросында борышкерлер тізіміне ілінген.
Тергеу барысында екі тарап та, банк пен жәбірленуші де алаяқтардың әрекетінен жапа шеккені анықталды.
Екі тарап та белгісіз тұлғаларды табу үшін құқық қорғау органдарына жүгінуді шешті.
Жауап беруші тарап Несие бюросынан жәбірленушінің атын борышкерлер тізімінен алып тастады. Ал жәбірленуші шағымды өндірістен шығаруды өтінді.

Фото: associationsnow.com

Соңғы жаңалықтар