ALASH PRIDE-ACB»: Арман Оспанов қарсыласынан жеңіліп қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Сайыстың басты жекпе-жегі қазақстандық Арман Оспанов пен бразилиялық Тьяго Луис Сильва арасындағы жекпе-жек бразилиялықтың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ALASH PRIDE» промоутерлік компаниясы «АСВ» промоушенімен бірлесе, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан тарихындағы ең ауқымды, халықаралық ММА турнирі аяқталды. «ALMATY ARENA» спорт кешенінде өткен жекпе-жекте Арман Оспанов қарсыласынан 1 минут 44 секундта жеңілді. Қарсыласы қылқындыру тәсілін пайдаланды. Сайыстың жүргізушісі - ТМД және Ресей бойынша ең үздік ринг-хабарлаушысы Александр Загорский.

Қазақстанның ең үздік файтері, «Alash Pride FC» сарбазы - Арман Оспанов кәсіпқой аралас жекпе-жекте сегіз кездесуге шығып барлығында айқын жеңген. Ол әскери самбодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан әлем және ТМД чемпионы, әскери самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы. Оның қарсыласы Тьяго Луис Силва (12-5) бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеудің иегері және «Shooto Brasil» ұйымының әлем чемпионы.

Турнирде сегіз бұрышқа жалпы 15 жұп 11 жекпе-жекке шықты. Олар Ресей, АҚШ, Бразилия, Литва, Румыния және Тәжікстан сынды елдердің атышулы файтерлері.

«ALASH PRIDE - АСВ» турниріне белгілі америкалық UFC рефериі- Джон Маккарти мен Херб Дин өзінің әділқазылар бригадасымен төрешілік етті. UFC-дің үш дүркін экс-чемпионы Френк Мир тікелей эфирде аталған жекпе-жек кешінің комментаторы болды.

Соңғы жаңалықтар