«Алаш прайдтың» жетекшісі Арман Оспановтың жеңілісіне қатысты пікір білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 9 қыркүйек күні өткен «ALASH PRIDE-ACB» халықаралық ММА турнирінде кештің басты жекпе-жегінде отандасымыз Арман Оспанов бразилиялық Тьяго Луис Сильвадан жеңілген болатын. «ALASH PRIDE» жекпе-жек клубының жетекшісі Данияр Қасқарауов «ҚазАқпарат» тілшісіне қазақстандықтың жеңілісіне қатысты пікірін білдірді.

«Алаш прайд» клубына, жанкүйерлердің де жанына батты. Спорттың аты - спорт. Кез келген спортшы жеңіледі. Арман жекпе-жекке дейін екі аптада ауруханада жатып шыққан болатын. Жалпы, АҚШ-та, Тайландта, Дағыстанда дайындалды. Дағыстаннан қыркүйек айының басында келеуі керек еді. Қолына жара шығып, жарыстан 10 күн бұрын алып келіп, Алматыда ота жасаттық. «Антибиотиктер» әсер еткен болуы керек. Жарысқа 4-5 күн қалғанда, бірінші жаттығуға шыққанда ол әлсіздік сезгенін айтты. Бірақ «тер шыққасын, алуым керек» деді. Бұл ретте қарсыласты бағаламауға болмайтынын көріп отырмыз. Бір жағынан жарнама жасап қойған соң, халықты шақырып қойғасын бас тарта алмадық. Басты кездесу болмағанда Арманға денсаулығына байланысты бұл жарысқа шықпай-ақ қоюға да болатын еді. Қорытындысы былай болады деп ойламадық. Енді уақытта созбай қарымта кездесу өткізу қалды енді. Қарсылас тактикасын жақсы қойып келген»,  - деді Данияр Қасқарауов.

«Алаш прайд» клубы жетекшісі Арман Оспанов жеңілгеннен кейін қанша сыйақы алатынын айтты.

«Айтарым, кез келген спортшыны бағаламауға болмайды. Арман сияқты рейтингісі жоғары спортшылар болашақта денсаулығы жарамай тұрса міндетті түрде сайысқа шықпауы керек. Ақталу емес. Жеңілдік. Енді тезірек жұмыс жасап, жаңа жылға дейін сол спортшымен кездесу ұйымдастыруымыз керек. Арман Оспанов бұл жекпе жекте ұтқан жағдайда 60 мың АҚШ долларын алуы керек болған. Ұтылған жағдайда 30 мың доллар болады. Бразилиялық қанша алатынын білмедім», - деді Данияр Қасқарауов.

Еске сала кетейік, 9 қыркүйек күні Алматы қаласының 1001 жылдығына орай «Алматы Арена» спорт кешенінде Арман Оспанов пен бразилиялық Тьяго Луис Сильва арасында жекпе -жек өткен болатын.

Сайыстың жүргізушісі ТМД және Ресей бойынша ең үздік ринг-хабарлаушысы Александр Загорский болды.

Қазақстанның ең үздік файтері, «Alash Pride FC» сарбазы - Арман Оспанов бұл қарсыласына дейін кәсіпқой аралас жекпе-жекте сегіз кездесуге шығып барлығында айқын жеңген. Ол әскери самбодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан әлем және ТМД чемпионы, әскери самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы. Оның қарсыласы Тьяго Луис Силва - бразилиялық спортшы, джиу-джитсудан қара белбеу иегері және «Shooto Brasil» ұйымының нұсқасы бойынша әлем чемпионы.

«ALASH PRIDE - АСВ» турниріне белгілі америкалық UFC рефериі- Джон Маккарти мен Херб Дин өзінің әділқазылар бригадасымен төрешілік етті. UFC-дің үш дүркін экс-чемпионы Френк Мир тікелей эфирде аталған жекпе-жек кешінің комментаторы болды.  

Соңғы жаңалықтар