«Алаш мұрасын ардақ тұтқан ақындар» атты ақындар айтысы өттi

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Алаш мұрасын ардақ тұтқан ақындар» атты облыстық жас ақындар айтысы өттi. 

Iс-шара әрi Алаш ардақтыларының 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтыстың ашылу салтанатында орталық директоры Жәнiбек Тағаев айтыстың ұрпақ тәрбиесiне әсерiн, қоғамда орын алған келеңсiздiктердi жоюдағы мәнiн әңгiмеледi. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен жыр додасына 12 ақын қатысып, айтыс көрiгiн қыздырды. Тартысты да қызықты өткен байқауда бас жүлде отырарлық Мейiржан Жақыпқа бұйырды. Ал, бiрiншi орынды Сайрам ауданынан келген ақын Жандос Мырзабеков иеленсе, екiншi орынды Қытай Халық Республикасынан келген қандасымыз Ардақ Орынбек еншiледi. Үшiншi орынды шымкенттiк Нұрғали Әнапияға бұйырды. Бұдан бөлек, ұлттық салт-дәстүрдi дәрiптеуге атсалысқан талапкерлерге орталық тарапынан арнайы Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етiлдi.

Соңғы жаңалықтар