Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған құнан жарыстың жеңімпазы анықталды

None
None
  ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған құнан бәйгеде Жамбыл ауданы жеңімпаз атанды. Бауыржан Əміржановтың "Зымыран" атты  сəйгүлігі бірінші келді. Жүлдеге - түйе, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі. 

Дияс Сейсенбаевтың "Бонус" аты екінші орынды жеңіп алды. Ақсу ауданынан келген жүлдегерге жылқы берілді. Ал үшінші орынды егінсулық Құмарғали Баяхметовке бұйырды . Ол ірі қараны қанжығалады. Ал төртінші болып Ерасыл Бауыржанұлының "Байторысы"  келді.

null

Құнан бәйгеде  26 сəйгүлік 9 шақырымға жарысты. Талдықорғандық тұрғын Бауыржан Барлыбаевтың тікелей ұйымдастырумен өткен бәсеке жалғасуда.Қазір шабандоздар Аламан бәйгеде жарысады.  29 құлагер бақ сынасады. Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған шараға Олимпиада чемпиондары  Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибраимов, сондай-ақ Олимпиаданың қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров тәрізді елге танымал азаматтар да  қатысуда. Сондай-ақ жарысқа арнайы келген "Алашұлы" тобы өнер көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар