Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған бəйге мəресіне жетті

Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған бəйге мəресіне жетті
2017 жылғы 20 мамыр 15:43 2557

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған  бәйге мəресіне  жетті. Аламан жарыста талдықорғандық Ербол Сəдуақасовтың "Сұлтан" атты сəйгүлігі өзге жүйріктерден оқ бойы озық келіп, бірінші орынды қанжығалады.

 Жүлдеге түйе тігілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Шабандозы Мансұр 9 жаста. Осымен жетінші рет жүлдеге ие болғанын айтты. Ал екінші  болып мəре сызығына  Айдар Темірғалиевтың "Ши қасқасы" жетті. Жеңімпазға жылқы берілді. Үшінші орын Əділ Кеңестің "Еркемай" жылқысына бұйырды. Сарқандық тұрғын ірі қараны қанжығалады. Төртінші жəне бесінші болып келген шабандоздар да жүлдесіз қайтпады.


Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған бəйге мəресіне жетті

Ал құнан бәйгеде Бауыржан Əміржановтың "Зымыран" атты  сəйгүлігі бірінші келді. Жүлдеге - түйе.  Екінші орын ақсулық  Дияс Сейсебаевтың "Бонус" жылқысына бұйырды.  Үшінші болып  егінсулық Құмарғали Баяхметовтың аты келіп, ірі қараны қанжығалады.


Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған бəйге мəресіне жетті

Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған шараға олимпиада жеңімпаздары  Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибраимов, олимпиаданың қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров сынды елге танымал азаматтар да қатысуда.  Сондай-ақ жарысқа арнайы келген "Алашұлы" тобы өнер көрсетті. Шара соңында Алаш арыстарының рухына құран бағышталып, ас берілді.

Айта кету керек, аталған шара талдықорғандық тұрғын Бауыржан Барлыбаевтың тікелей ұйымдастыруымен өтті.

 


Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған бəйге мəресіне жетті

Басты сөздер: Алматы облысы, Спорт, Алашорда,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер