Альварестің командасы реванштың өтетін күнін белгіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің командалары реваншты өткізу бойынша келіссөздерді бастауды жоспарлап отыр. 13 сағаттық уақыт айырмашылығына байланысты АҚШ-та қазір бейсенбі - 21 қыркүйек,  деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Golden Boy» промоутерлік компаниясының басшысы Эрик Гоместің айтуынша, келіссөздерге арналған алғашқы кездесу АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында өтеді. «Ең бастысы, екі боксшы да қарымта жекпе-жекті қалап отыр.

«Мексиканың «Синко де Майо» мейрамына арналған демалыстар (5 мамыр, сенбі) ең ыңғайлы уақыт болатын сияқты. Бізге аталған дата ұнап тұр. Себебі ол үлкен бокс кешін ұйымдастыруға қолайлы. Басқа спорттық шараларға да кедергі жасап отырған жоқ. Енді, ол кезде әдеттегідей Кентуккидегі ат жарысы болады. Алайда одан басқа универсиеттер арасындағы футбол да, Ұлттық футбол лигасының ойындары да өтпейді. Бейсбол сәуірде басталады. Ал баскетбол плей-оффқа енді жақындай бастайды», - деді Гомес The Ring журналына берген сұxбатында.

Айта кетейік, бұған дейін GGG-дің промоутері Том Леффлер де аралық жекпе-жектерге қарағанда, Сауль Альвареспен реванш өткізуге басымдық беріп жатқанын жеткізген. Бұны Генаның өзі қалап отыр. 

Соңғы жаңалықтар