Альварестің Головкиннен басым жақтары көп - үлкен Чавес

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйгілі мексикалық чемпион Хулио Сезар үлкен Чавес Канело Альварес (49-1-2, 34 КО) 5 мамырда Лас-Вегаста (АҚШ) қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) болатын жекпе-жекте жеңіске жетеді деп есептейді. Бұл туралы «SPORTINFORM» САА хабарлады.

Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде болған кездесуді төрешілер теңдей түсті деп бағалады.

«Меніңше, Канело жас әрі қайратты, сол себепті де оның Головкиннен басымдығы бар. Оған тек қарсыласына ыңғайланып, раундтарда айқын жеңіске жету керек. Көп қимылдаған дұрыс. Сонда ол қалайда жеңіске қол жеткізеді»,-деді үлкен Чавес.

6 наурызда Альварес допинг-сынақтан сүрінген болатын. Алайда кейінгі үш тест Канелоның анализдерінен байқалмады.


Соңғы жаңалықтар