Альварестің GGG-ге қарсы дайындығына қазақстандық боксшы көмектеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бобиржан Моминов мексикалық Сауль Альварестің спарринг-көмекшісі болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әлеуметтік желідегі "Қазақстанның кәсіби боксы" тобына сілтеме жасап.

"Ертең Бобиржан Моминов Альварестің Калифорниядағы жаттығу лагеріне аттанады. Кәсіби бокста Моминов үш рет жеңіске жеткен. Үшеуі де нокаутпен аяқталды", - делінген xабарламада.

Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Қазірдің өзінде барлық билеттер сатылып кеткен. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар