Альварес, сен Головкиннен қорқасың! - проморолик

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокстың жанкүйерлері Головкин-Альварес жекпе-жегін көптен бері күтіп жүр. Аталған кездесу биыл 16 қыркүйекте өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Головкин - Альварес жекпе-жегіне арналған жаңа проморолик Хулио Сезар кіші Чавестің сөзімен басталады. «Сен GGG-ден қашып жүрсің. Сол себепті мені таңдадың»,  - дейді кіші Чавес. Екі мексикалық боксшы рингте кездесуден бұрын арнайы телебағдарламада дебат ұйымдастырған болатын.

Бұдан бөлек, промороликке Геннадий Головкин мен Давид Лемьенің сұхбаты да енді. «Бұл бокс, бәрі құрметтейтін бокс. Саған төбелес керек пе? Кеттік. Сенің кім екеніңді көргім келеді. Дәл қазір», - дейді Головкин дәл сондай бір бағдарламада. Жаңа промороликте Головкин мен Альварестің нокауттарынан бөлек GGG-дың мейрамханада отырып, өзінің  жейтін тамағын көрсеткен бір кадр да бар.

Айта кетейік, бұған дейін YouTube-тағы GOAT Boxing арнасы  Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің нокаутттарын салыстырып, арнайы бейнероликті жариялаған болатын.  Осыдан кейін "Total war", яғни "Қырғын соғыс" деп аталатын проморолик шыққан.  Сондай-ақ, Головкин мен Альваресті мультипликациялық фильмнің кейіпкерлері ретінде көрсеткен . Gizza Sport пен HBO Sports та өз промороликтерін жариялаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар