Альварес Головкинмен реваншқа келісімін берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy компаниясының президенті Эрик Гомес «Канелоның» Геннадий Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізуге келісім бергендігін айтты, деп хабарлайды Sports.kz .

«Біз реванш бойынша нәтижелі келіссөздерді жүргізудеміз. «Канело» жекпе-жекке шыққысы келеді, ол бізге келісімді аяқтауға зор мүмкіндік. Келісімшарт бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Біздің негізгі мақсат - реванш. Енді тек кейбір түйінді мәселелерді ғана шешу қалды», - деді Гомес ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, жүргізіліп жатқан келіссөздер жаңа жылға дейін жалғасы мүмкін.

«Біз Головкиннің өкілдерімен  жұмыс істеуді жалғастыратын боламыз. Том Леффлер Германияда сапармен жүр. Ол  GGG-мен сөйлесіп, бізге жауабын беретін болады», - деді Golden Boy өкілі.

Айта кетейік, Сауль Альварес пен Геннадий Головкиннің қарымта жекпе-жегі 5 мамырға жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар