Альварес Головкинмен айқас алдындағы міндетті салмақ өлшеуден өтпеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық Сауль Альварес Геннадий Головкинмен өтетін айқастан бір ай бұрын WBC үшін қажет салмақ өлшеуден өтпеді, деп хабарлайды Sports.kz. 

Альварес ұйыммен болған шиеленістің салдарынан WBC титулына үміткерліктен бас тартты. Ал Головкин міндетті салмақ өлшеуден сәтті өтіп, ұйымның нормативтерінен асырмады. Қазір оның салмағы 170 фунтты (77,1 келі) құрайды, ал бұл кезеңге рұқсат етілген лимит - 176 фунт (79,8 келі). 

Головкиннің салмақ өлшеуден сәтті өткені туралы оның промоутері Том Леффлер твиттерде хабарлады. Рингке шығуға бір күн қалғанда өтетін соңғы салмақ өлшеу шарасында GGG 160 фунтты (72,574 келі) көрсетуі тиіс.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді.

Соңғы жаңалықтар