Альпинистер мен блогерлер Қазақстанға Антарктида мен Аргентинадан құттықтау жіберді

None
None
АСТАНА. КАЗИНФОРМ - ҚазГео командасы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен Антарктида мен Аргентинадан құттықтады.

null null null
Тәуелсіздік күні «Тәуелсіздік полюсі» экспедициясының қатысушылары Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков Антарктиданың ең биік нүктесі - Винсон шыңынан (4892 м) қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, Қазақстан туын орнатты. Сол мезетте Аргентинаның Росарио қаласында ҚазГео командасы Бразилия Федеративті Республикасы мен Аргентина Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Саржановпен кездесіп, Тәуелсіздік күнін бірге тойлады.

«Біздің елшілік барлық Оңтүстік Америка елдері үшін жауап береді және олардың Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуына қатысады. Бүгінгі шара біз үшін өте маңызды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығында Мемлекеттік Тудың көтерілуі - елеулі оқиға. Біздің Мемлекеттік әнұран Отанымыздан 15 мың шақырым қашықтықта ойнады», - деді қазақстандық елші.

1 желтоқсан күні экспедиция қатысушыларымен бірге Алматыдан Пунта-Аренас қаласына блогерлер тобы да бірге ұшқан еді. Олар альпинистердің Чилиден Антарктидаға ұшуға дайындық сәтін жариялады. Олардың арасында Қазақстан блогерлер альянсының өкілдері Асқар Жапаров пен Ілияс Астахов, Айнұр Еспанова, Ерлан Тәжібаев және ҚазГео өкілі Вагида Сәлімова бар. Олар экспедиция қатысушыларын шығарып салған соң, Қазақ географиялық қоғамы ұйымдастырған Латын Америкасына блог-турды бастады.

null  

«Тәуелсіздік полюсі - оның әрбір қатысушысы үшін үлкен сынаққа айналған батыл да ауқымды экспедиция. Біз полярлық экспедициялардың қалай дайындалып, жүзеге асырылатындығын және оның қатысушыларының қандай киім үлгісін киіп, қандай қажеттіліктермен жарақтанатынын алғаш рет көрдік. Мен осы жобаға қатысып жатқаныма шын жүректен ризамын. Команда мүшелерін Антарктикаға шығарып салғаннан кейінгі біздің мақсатымыз Тәуелсіздік күнін Латын Америкасында тұрып жатқан қазақстандықтармен бірге қарсы алу болатын»,-деді блогер Айнұр Еспанова.

16 желтоқсанды блогерлер Росариодағы қазақстандықтар мен аргентиналықтардың ортасында қарсы алды. Олардың арасында бұрынғы отандасымыз Ирина Вагнер де бар болатын. Үш жыл бұрын ол қазақ мәдениеті орталығының негізін салды. Алматының тумасы Аргентинада өмір сүріп жатқанына 16 жыл болды. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті қызықтыратын түрлі ұлт өкілдерінің басын қоса білгендіктен Ирина Вагнерге ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл мерейтойлық медалі табыс етілді. Бұл награданы оған Қазақстанның Аргентина мен Бразилиядағы елшісі Қайрат Саржанов табыстады.

«Қазақстан өту қуатты мемлекет және оның болашағы зор. Біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығын осы жерде атап өтіп отырғанымызға қуаныштымыз»,-деген лебізін Ирина Вагнер.

null null null  

Соңғы жаңалықтар