Альберт Рау: Елбасының кітабы - Тәуелсіздігіміздің энциклопедиясы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы егемендігіміздің энциклопедиясы. Мұндай   пікірді бүгін Елбасының аталған кітабын талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысында Мәжіліс депутаты Альберт Рау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл еңбекті Тәуелсіздік энциклопедиясы деп атар едім. Өйткені, онда барлық сала, ретроспективаның барлық қыры қамтылған. Біз қазіргі жай-күйімізге назар аударғанда ең алдымен мұның барлығы қандай қиындықтармен келгенін түсінгеніміз жөн», - деді ол.

Сонымен қатар депутат кітаптағы әрбір жолдың астарында үлкен еңбек жатқанын баса айтты.

«Президент 1993 жылы байланыстардың үзілуі салдарынан 30 қазақстандық кәсіпорын өндірісін тоқтатып, 114 мың адам жұмыссыз қалды деп жазған кезде бұл құрғақ жолдар болып көрінеді. Ал бірақ оның астарында бүтін бір трансформация жатыр. Себебі бір жағынан ұзақ жылдар басшылық жасаған, яғни соңғы түймеге дейін қайда баратындығын есептеп беріп отырған Мәскеумен шынымен де байланыс үзілді. Мұның барлығы да мүлдем ажырап қалды. Халықаралық сарапшылар Президентіміздің сол кездегі іс-әрекетін дағдарысқа қарсы менеджердің іс-қимылы деп нақты баға берді», - деді Альберт Рау.

Соңғы жаңалықтар