Альберт Рау «АрселорМиттал»-дың мәлімдемесіне жауап берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаты Альберт Рау «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директорының мамандар тапшылығына қатысты мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Калон мырзаны қатты сыйлаймын. Бағана ол маман тапшылығы жайында жақсы айтты. Алайда бұл жерде бір ғана шешім бар. Сол мамандарға жақсы жалақы беріп, адамдарға жағдай жасау қажет. Өндірісті жаңарту арқылы бәрін іске асыруға болады. Әрине, технологиялық процестерден бөлек, өнімнің өз бағасын төмендетуге арналған басқа да шаралар бар. Мәселен, адамды қауіпті өндірістік жерлерден шығарып, ол жерге техниканы кіргізуге болады. Соның арқасында жалақыны да көтеруге мүмкіндік бар», - деді Рау бүгін Астанада өтіп жатқан VIII Халықаралық тау-кен металлургия конгресінде.

Айта кетейік, конгрестің пленарлық мәжілісінде «АрселорМитталТеміртау» АҚ бас директоры Парамжит Калон тау-кен саласындағы маман тапшылығы мәселесін көтерді.

Оның айтуынша, бүгінде кәсіби кеншілердің көбі Ресейге көшіп жатыр. Себебі ол жақта тау-кен саласында істейтін мамандар үшін зейнет жасына ертерек шығуға мүмкіндік бар.

«Иә, кәсіби мамандар алыс және жақын шет елдерге көшіп жатыр. Өйткені басқа жерде әлеуметтік жеңілдіктер көп. Осының салдарынан Қазақстан маман тапшылығы проблемасына тап болып отыр. Бізге де оңай емес.Мәселен, Қазақстанда зейнетке 63 жаста шығады. Ал Ресейде тау-кен жұмысшылары 54-те зейнеткер бола алады. Сол себепті кәсіби маманға көрші Ресейге көшіп бара салған тиімді. Адамдар бұны жақсы біледі», - деді Калон.

 

Соңғы жаңалықтар