«Ақжолдықтар» есірткіге тәуелділікті «Метадонмен» емдеуге қарсы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» фракциясының депутаттары есірткіге тәуелділіктен емдеу үшін «Метадон» пайдалануға қарсы. Бұл жайында бүгін Мәжіліс депутаты Меруерт Қазбекованың еліміздің Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған депутаттық сауалында айтылған.

«Ақ жол» фракциясы Қазақстанда «Метадон» синтетикалық есірткісін заңсыз ілгерілету мәселесін тағы да көтереді. Мәселен, апиынды алмастыратын терапия ілкі жобасы аясында аталған препарат елімізге 9 жыл бойы есірткіге тәуелділікті емдеу үшін әкелінуде. «Метадон» Ресейде тыйым салынған, Өзбекстан ілкі жобаны тоқтатып, қалған дәріні гуманитарлық көмек ретінде біздің елімізге берді. Қырғызстан депутаттары аталған есірткіні шығаратын зауыт құрылысына қолдау білдірген жоқ. Қазақстанда «Метадонды» зерттеу және клиникалық сынақтан өткізу заңнамада қарастырылған талаптарды бұза отырып жүргізілді», - деді Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, 2011 жылы тәуелсіз комиссия ілкі жобаның нәтижесі бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне теріс қорытынды берген. Алайда белгісіз себептермен аталған тексеріс нәтижесі айтылмай отыр.

Сонымен қатар Меруерт Қазбекова «Ақ жол» партиясына еліміздің медициналық қоғамдастығы тарапынан «Метадонды» қолдануға байланысты алаңдаушылық танытқан хаттардың көптеп түсіп жатқанын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар