«Ақжайық» тағы бір украиналық футболшыны құрамаға алды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жаңа маусымға дайындық аясында «Ақжайық» командасы украиналық шабуылшымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Эсеола Адеринсола (әкесі нигериялық, анасы украиналық) футбол әліппесін «Полесьеде» (Житомир) үйренген. 2004-2008 жылдары «Арсенал» (Киев) клубының мектебінде жаттықты. Оқуын бітіргеннен кейін Украинаның екінші лигасында өнер көрсететін ЦСКА (Киев) командасында, сосын 2009 жылы белгілі киевтік клуб «Динамоның» қосалқы құрамында ойнады. 2010-2013 жылдары Италияның D сериясында «Виртуса», «ХинтерРеджио-Кальчо», «Вибонезе-Кальчо» және «Изола-ди-Капо-Риццуто" командаларында доп тепті. В 2012 жылы Вияреджо турнирінде D  сериясының құрамасына ілікті. 2015 жылы жазда «Деснаға» (Чернигов) ауысса, бір жылдан кейін Украинаның бірінші лигасында «Арсенал» құрамында 10 гол соқты. Эсеоланың «Ақжайыққа» дейінгі соңғы клубы да - осы «Арсенал». Оның құрамында маусымның бірінші бөлігінде қарсыластар қақпасына жеті доп енгізді.

Бұл - «Ақжайықтың» құрамына алынған екінші украиналық футболшы.

Еске сала кетейік, Түркияда бірінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан, украиналық маман Владимир Мазяр жаттықтыратын оралдық клуб бұдан бұрын Украина елінің өкілі, жартылай қорғаушы Андрей Ткачукпен келісімшартқа қол қойған болатын. 

Соңғы жаңалықтар