Ақжарқын Тұрлыбаеваға қашан үкім шығарылатыны әлі белгісіз

None
None
БЕЙЖІҢ-ГУАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Қытайда есірткі контрабандасы үшін айыпталып, түрмеде отырған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбаева ісі бойынша шешімді жариялау мерзімі әлі де белгісіз, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

17 мамырда Гуанчжоу қаласының №1 тергеу изоляторында ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімінің қызметкері Асылбек Бутин қазақстандық бойжеткенмен кездесті. 

«Ақжарқын ісі бойынша сот алқасы шешімін жариялау мерзімі анықталған жоқ. Кездесудің басты мақсаты А. Тұрлыбаеваның тамақтану, еңбек пен демалыс жағдайын білу болды. Оның айтуынша, тамақ жақсы, қытай тағамына үйреніп кеткен. Ол күндіз қолғаптарды буып-түюмен айналысып, бос уақытында қытай иероглифін үйреніп, Қытай теледидарынан жаңалықтар көреді екен. Ақжарқын қытай тілін жетік меңгеріпті», - деді А. Бутин «ҚазАқпаратқа» берген сұхбатында.

Сондай-ақ дипломат А. Тұрлыбаеваның Қытайдың қылмыстық кодексін оқып, абақты кітапханасындағы ағылшын тіліндегі барлық кітаптарын қайта қарап шыққандығын айттып берді. Кездесуде Ақжарқынды Қазақстан туралы жаңалықтар қызықтырған.

«Оған туыстарының ыстық сәлемін жеткіздім, денсаулығыңды күт дедім. Ақжарқын ЭКСПО жаңалықтары, Илья Ильиннің тағдыры туралы сұрады», - деді Асылбек Бутин.

Соңғы жаңалықтар