Ақышев қай банктер қаржылық көмекке ие болғанын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев екінші деңгейлі банктердің арасында қайсыларына қаржылық көмек жасалғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бағдарламаға өтінім берген төрт банк 410 млрд теңге алды. Олардың арасында Еуразиялық банк, Цеснабанк, Банк Центркредит және АТФ банк бар»,-деді ҰБ басшысы Мәжілістегі жалпы отырыс барысында тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

Оның сөзіне қарағанда, аталған банктер бұл қаржыны теңдей көлемде емес, яғни проблемалық портфельдің деңгейіне қарай қол жеткізді.

Бұдан бұрын ҚР Ұлттық банкі қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасына қатысушы ірі банктерге 500 млрд теңге қарыз беретіні хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар