Ақышев БЖЗҚ төңірегіндегі даулы мәселенің басын ашып беруге уәде етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысынан кейін ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев БАҚ өкілдеріне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры төңірегіндегі даулы мәселенің басын ашып беруге уәде етті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ертең Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, барлық сауалдарға жауап беретін боламыз. Бұл ақпарат (БЖЗҚ төңірегіндегі жайт - ред.) бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Үкімет, Премьер-Министр, Мемлекет басшысы ақпараттандырылуы тиіс. Содан кейін шешім қабылданған соң Ұлттық банк ол ақпаратты ұсынатын болады», - деді Данияр Ақышев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, белгілі сарапшы Рахым Ошақбаев БЖЗҚ-ның 71,3 млрд. теңге активі Әзербайжанның проблемалық Халықаралық банкі облигацияларына салынғаны туралы хабарлаған еді.

Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап беру барысында депутат Омархан Өксікбаев әзербайжандық проблемалық банкке БЖЗҚ инвестициясының бағытталуы туралы ақпаратқа өз пікірін білдірген болатын.  «Менің ойымша, осы қаржыны бөлген қордың менеджменті барлық тәуекелдерді ескермеді, осы орайда тереңірек зерттеп алған жөн болар еді. Есептеудің қандай параметрлері назарға алынғанын қазір айта алмаймын. Әрине, егер де олар қандай да бір сақтандыру мәселелерімен қамтылмаса, онда бұл қаржы жоғалды деп айтуға болады. Бұл өз кезегінде біздің қорымызға тікелей залал келтіреді», - деді О. Өксікбаев.

Соңғы жаңалықтар