Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -21 °С
Алматы: -7 °С
USD 325.20 EUR 397.13
RUB 5.74 CNY 50.65
Жаңалықтар

«Ақылды қала» курсы қалаларымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырмақ - сарапшы

2018 жылғы 13 қаңтар 23:44 638
Поделиться:

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Президент көрсеткен ақылды қала курсы қалаларымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырмақ. Осындай ойымен бүгін Алматыда өткен жиын барысында Қазақстанның ФинТех қауымдастығының атқарушы директоры, қоғамдық кеңес мүшесі Ерлан Смайлов бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарапшының айтуынша, Smart City концепциясы бар қала әлемдік дәрежеде бәсекеге қабілетті қалалар  қатарына өтеді.

 «Ақылды қалалар бойынша Президент көрсеткен бағыт максималды бәсекеге қабілеттілік тудырады. Себебі  жер бетіндегі адамзаттың барлығы жақын арада тек үлкен қалаларға шоғырланады. Яғни жақын арада бәсеке мегаполистердің арасында болады. Қай қала жайлы, таза, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, сол қалаларға адамдар көп барады. Ақылды қала постулаты үш тағанға негізделеді. Біріншіден, ақылды қала - тұрғындармен диалогқа бара алатын қала. Қала билігінің ашықтығы, қоғаммен байланысы дамуы керек. Сонымен қатар, қаладағы барлық қызметтер жүйелерінің бір жүйеге бірігуі - ақылды қаланың бір көрінісі. Сондай-ақ, заманауи технологиялар көп рөл ойнайды. Мәселен Барселона көлік, туристік салаға басымдық берсе, Копенгаген қаласы жақында экологияға зиянды зат шығармайтын қалаға айналады», - деді Ерлан Смайлов.

Оның айтуынша, бұл тұжырымдама өте көп ресурсты талап етеді. Ақылды қалаға айналу - бүгінгі күннің ісі емес.

«Смарт Сити концепциясы көп инвестицияны, көп уақытты, интеллектуалдық ресурстарды талап етеді. Алайда, қазір бастасақ, Алматыда бұл жаңалықтың ауылы алыс емес», - деді сарапшы.

Айта кету керек, 9 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты кезекті Жолдауын жариялаған болатын.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат