Ақұштап Бақтыгереева БҚО құрметті азаматы атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін БҚО әкімдігінде өткен жиында соғыс және еңбек ардагері Мұхтар Әжіғұлов пен белгілі ақын Ақұштап Бақтыгерееваға «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Салтанатты жиында облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, мұндай құрметті атақ өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуына, жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге зор үлес қосқан адамдарға беріледі.

Облыстық мәслихаттың биылғы 27 қыркүйектегі шешімімен М.Әжіғұлов пен А.Бақтыгереевадан басқа «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы өңірде сегіз жыл басшылық қызметте болған Нұрлан Ноғаев пен әлемдегі биік шыңдардың бәрін бағындырып, қазақтың көк байрағын желбіреткен альпинист Мақсот Жұмаевқа да берілді.
null

null
Жиында Ақұштап Бақтыгереева Жайықтың қызы деп төрге шығарып, құрметтегені үшін өңір жұртшылығына ризашылығын білдірді.

БҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов, қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мира Шүйіншәлиева, соғыс және еңбек ардагері, тарихшы-ғалым Қалам Сүйіншәлиев, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Серік Сүлеймен Мұхтар Әжіғұлов пен Ақұштап Бақтыгерееваны құрметті атақтарымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
null

Айта кетейік, бұған дейін «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағы 15 адамға берілген. Олардың арасында бұрын облысқа басшылық еткен Мұстақым Ықсанов, Қабиболла Жақыпов, Бақтықожа Ізмұхамбетов, академик-ғалым Рахымжан Елешев, ақындар Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырза Әли, Қайрат Жұмағалиев, композитор Ескендір Хасанғалиев, соғыс және еңбек ардагерлері Бисен Жұмағалиев, Иван Гапич, Социалистік Еңбек Ері Ескендір Есімов және басқалар бар. 

Соңғы жаңалықтар