Акуланың бойжеткенге шабуылдамақ болған сәтін видеоға түсіріп үлгерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Флорида тұрғыны Дэвид Диес (David Diez)     квадрокоптердің көмегімен акуланың бойжеткенге шабуылдамақшы болған әрекетін түсіріп алды. Бұл туралы  UPI хабарлады.

  Instagram-ға жариялаған видеода  бойжеткен бетперде, жүзуге арналған аяқ киіммен теңізде жүзіп жүреді.   Күтпеген жерден оған акула жақындап келіп, аяқ киімін тістелейді, бірақ соңғы сәтте бұрылып, басқа жаққа жүзіп кетеді.  Қыздың әрекетіне қарағанда, ол ештеңені байқамаған сыңайлы. 

  Диестің айтуынша,   акуланың ұзындығы шамамен   1,2-1,5 метр.  

  Видео авторының пікірінше, шамасы акула аяқ киімді балық деп қалған, қателескенін білген соң көзден таса болған.   

 

Соңғы жаңалықтар