Ақтөбенің орталығында жас жігітті атып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің орталығында қарудан оқ атылып, бір адам жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Ақтөбеде облысы əкімдігінің маңында орын алған. Əзірге күдікті ұсталған жоқ. Ал жараланған жас жігіт ауруханаға түскен.

«11 наурызда сағат 08:05-те Ақтөбенің Абай даңғылы  бойында  белгісіз біреу травматикалық қарудан оқ атып, 25 жастағы жігітті жаралаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сот алды тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық»бабы бойынша іс қозғалды»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Пр Абая возле Анвара . Со слов очевидцев была стрельба . 11.03.2018

Публикация от Aktobe Zello - Official Page (@aktobe_zello) Мар 10, 2018 в 11:16 PST

Айта кетейік, қазір күдіктіні іздеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Полиция қандай да бір ақпарат білген адамдардың  мына телефондарға хабарласуын сұрайды:  102, 729-609, 55-78-24, 729-601

Соңғы жаңалықтар