Ақтөбенің іргесінде жаңа ауыл бой көтереді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Алға ауданында Бастау ауылы салынады. Ақтөбе агломирациясы аясында мұнда 2 мыңнан астам адамға жер телімі беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өз басқарып отырған аймақтың дамуы туралы айтып берді. Облыс орталығына жақын орналасқан ауданның бірнеше ауылы агломирация аясында қайта жаңғырады.Мәселен, Маржанбұлақта Бастау ауылы салынады.

«Ауылға жаңа тұрғын үйлер салынып, әлеуметтік нысандар бой көтереді. Мәдениет үйі, емхана, балалар алаңы салынады. Біздің аудандағы Маржанбұлақ, Үшқұдық, Сарықобда ауылдары Ақтөбе агломирациясы аясында дамиды. Бекітілген жоспарға сәйкес жер телімдерін дайындап жатырмыз. Барлығы 5 мың жер телімі бөлінеді», - деді Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияов.

Айта кетейік, биыл Ақтөбе-Атырау тасжолының құрылысы кезінде Алға ауданына апарат жол жөнделеді. Сонымен қатар, ауданда бұрынғы химия зауытының орнын тазартылып, жаңа көлік-логистика орталығы немесе индустриалды аймақ салынады.

«Бұрынғы химия зауытының орнын тазартуға 8 миллиард теңге қаржы қажет. Барлығы 300 гектар жер тазартылып, тегістелуі қажет. Бұл жердің жобалық-сметалық құжаты әзірленді. Біз республикалық бюджеттен қаржы бөлінгенін күтіп отырмыз»,- деді Нағымжан Алдияров.

Еске салсақ, бұрынғы химия зауытының аумағында 730 мың тоннадан астам өндірістік, химиялық қалдық бар.  Зауыт орнын залалсыздандыруға қажетті құжат ҚР Энергетика министрлігінде жатыр. 

Соңғы жаңалықтар