Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 323.13
EUR 367.08
RUB 5.43
CNY 47.53

Ақтөбенің бас полицейі бастаған топ 25 литр қан тапсырды

Ақтөбенің бас полицейі бастаған топ 25 литр қан тапсырды
2017 жылғы 20 маусым 15:36 409

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің жеке құрамы бүгін қан тапсырды. Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай құқық қорғаушылар 25 литр қан берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбегі облыстық қан орталығында бүгін ұзынсонар кезек болды. Полиция қызметкерлерін облыстық ІІД-нің бастығы Махамбет Абисатов бастап келіп, қан тапсырды. Басшылық пен қарапайым қызметкерлер мұндай акцияны жыл сайын өткізіп, ұйымдастырып тұрады. Полиция қызметкерлері алдымен арнайы сауалнама қағазын толырып, қызметкерлер дәрігерлердің тексеруінен өтті. Бірнеше сатыдан соң полиция қызметкерлерінің әрқайсысы қан орталығының қорын толтырды.

Ақтөбенің бас полицейі бастаған топ 25 литр қан тапсырды 

«Бұл - өте жақсы іс. Қан тапсыру туралы айтылған кезде өз еркіммен келіп, тапсырдым. Өз қан тобымды білемін және мен тапсырған қан мұқтаж адамдарға құйылып, көмектессе қуанамын»,- деді кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор Назира Какматиева.

Полиция саласындағы жас мамандар алғаш рет қан тапсырды.

«Алғаш рет қан орталығына келіп, азаматтық борышымды өтедім. Біз күн сайын адамдармен араласып, қиын кезде көмекке барамыз. Бұл жолы да қол ұшын беріп, денсаулығы сыр берген адамдарға қамқорлық танытқымыз келді. Қан тапсыру туралы айтылғанда бірден қолдап, келісімімді бердім»,- деді полиция қызметкері Жасұлан Қалиев.

Ақтөбенің бас полицейі бастаған топ 25 литр қан тапсырды 

 

 

 

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер