Ақтөбенің 21 ауылына дәрігерлік нысандар салынып жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің 21 ауылына мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Оның төртеуі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің шалғай ауылдары үшін әлі де медициналық ем көрсететін шағын амбулаториялар қажет. Аудандардағы ауылдарға 60 медициналық амбулатория және бекетке сұраныс бар. Жоспардың үштен бір бөлігі биыл орындалады. Ал екі жылда ғимараттарды жалға алып, көшіп жүрген дәрігерлердің барлық мәселесі шешілуі тиіс. Халқы аз ауылға медициналық бекет жоспарланған.
null 

«Хромтау ауданы, Ақжар ауылындағы дәрігерлер бұған дейін бөлме жалдап, халыққа мециналық көмек көрсетті. Бейімделген ғимаратта отырған дәрігерлер енді заманауи ғимаратқа қоныстанып, халыққа қызмет көрсете алады. Мұнда күніне 50 адам қабылданады. Жалпы Ақтөбе облысы бойынша 21 дәрігерлік амбулатория құрылысы жүріп жатыр. Оның төртеуі пайдалануға берілді»,- деді Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
null 

Айта кетейік, бір күнде Хромтаудың Ақжар ауылында дәрігерлік амбулатория, Алғаның Қайыңдысай және Хромтаудың Көптоғай ауылдарында медициналық бекет пайдалануға берілді. 

Соңғы жаңалықтар