Ақтөбені көріктендірмек болған билік әрекеті сынға ұшырады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде тұрғын үйлердің қасбетін бояу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тұрғындар жергілікті биліктің бұл шешіміне өз пікірлерін білдіріп, кейбірін қайта бояуға мәжбүр етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйлердің сүреңсіз кейпін өзгерту үшін жергілікті билік олардың қасбетін бояуға көшті. Қазіргі кезде қала орталығы мен қала қонақтары көп шоғырланатын көшелердегі тұрғын үйлердің қабырғасы боялып жатыр. Мәселен, теміржол вокзалы мен 11, 12 ықшам аудандар,  қаланың бас даңғылдарындағы үйлер боялды, жарықшамдармен безендірілді. Бірақ кейбірі тұрғындардың сынына іліккен соң жергілікті билік үйлердің сыртын қайта баяуға көшкен.
null

Бұған дейін хабарлағымыздай, кемпірқосақтың түсіне сай деп боялған үйдің қабырғасы гейлердің туымен сай келіп, Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Танат Шегебаев бұл сынға өз жауабын айтқан болатын. Үйдің қасбетін басқа түске боямаймыз деп шешімді пікір айтқанымен, кейін бұл ойынан айнып қалды. Қазір үйдің қабырғасы ақ түске боялған .  
null

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында 30-дан астам үйдің қасбеті түнде жанып, түрлі түске боялады. Танат Шегебаевтың айтуынша, қаншы үйдің боялатыны, оған қанша қаржы жұмсалатыны белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар