Ақтөбеліктер Жолдаудағы 10 міндетті іске асыруға кірісті - Сапарбаев

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде облыс активі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінше өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінше өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында айтылған 10 міндетті орындауға кірісті. Облыс автивін өткізген өңір басшысы Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысы мен Үкіметтің берген тапсырмасы өткен жылы толығымен орындалып, экономиканың даму қарқыны 5 пайыз көлемінде сақталғанын жеткізді. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда жоғары болады.

«Өткен жылы ірі компаниялар мен кәсіпорындар өндірісті жаңғырту жол картасына қол қойған болатын. Ақтөбе 10 кәсіпорында жаңғырту жұмыстарын жүргізуі тиіс еді. Қазіргі кезде бұл жол картасы орындалды. Жаңа технологияны енгізу, инновациялық даму, цифрландыруды әрі қарай жалғастырамыз. Ал ЭКСПО халықаралық көрмесінен кейін 18 жобаны іске асыруға келісім берілген болатын. Өткен жылы жоба келісімі жүріп, биыл іске асырамыз. Жаңа технология енгізіліп, автоматтандыру іске асырылған кезде кейбір адамдардың жұмыссыз қалатыны белгілі. Енді нақты талдау жасап, қажет болса, адамдарға жаңа мамандық алуға көмектесу керек»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.
null 

Ақтөбеде Елбасы Жолдауындағы «Ақылды технологиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі» атты үшінші міндетті орындап отырған «Актеп», «Айс» компаниялары бар. Жаңа технологияларды енгізген компаниялардың тәжірибесін кең көлемде пайдалану үшін жоғары оқу орындары мен Тәжірибе станциясының мүмкіндігі пайдаланылады. Ал көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру міндеті өткен жылдан бастап іске асырылып келеді.
null 

«Ақтөбе-Атырау тасжолының құрылысы өткен жылы басталды. Биыл 4 жерде құрылыс жұмысы жүргізіледі. Қазіргі кезде мердігер компаниялар келісімшартқа қол қойды. Жергілікті құрылыс материалы пайдаланылып, жұмысшылар осы жерден алынады. Сонымен қатар, Ақтөбе-Орск бағытындағы жолды салу жалғасады. Шалқар-Ырғыз жолын қайта қалпына келтіру келісімі жүріп жатыр. Үкіметтің көмегімен Ақтөбе феррқорытпа зауыты маңындағы өткелдің, Оңтүстік айналма жол мен Ақтөбе қаласындағы екі көпірдің құрылысы аяқталады»,- деді Бердібек Сапарбаев.

Биыл аудан, ауыл жолдары да жөнделеді. Жол жөндеу жұмыстарымен қатар жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының да құрылысы жүреді. Биыл Ақтөбе облысында 20-ға жуық қызмет көрсету бекеті салынуы тиіс. 

Соңғы жаңалықтар