Ақтөбеліктер жерлестерін туған жерді қолдауға шақырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Елбасының «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында күзде «Ақтөбе - құтты мекен» форумы өтеді. Бүгін Қазақстанның әр түкпірінде жүрген ақтөбеліктер өңірге жиналып, жерлестерін туған жерге назар аударуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Туған жер» форумына Ақтөбеде туып, өсіп, басқа өңір мен елге кеткен ондаған адам жиналды. Олардың арасында ірі кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, дәрігерлер мен өнер адамдары бар. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыла өңірдің экономикасы мен әлеуметтік жағдайын, мәдени саласын дамытуға үлес қосуға шақырды.

«Әрбір адам үшін ең қымбаты - кіндік қаны тамған жері. Туған жерде тәрбие алып, өмір жолыңды бастайсың. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында үшінші жаңғыру кезеңінің басталғанын айтқан болатын. Экономикалық, саяси өзгерістермен қатар рухани жаңғыру енгізу жөнінде мақала жариялады. Бағдарламалар белгіленді. Қазір Елбасының берген тапсырмасын жүзеге асыру жөнінде жұмыс істеп жатырмыз.  Арнайы «Ақтөбе - менің туған жерім» деген әлеуметтік желі ашылды. Мақсатымыз - жан-жақта жүрген жерлестеріміз туралы мәлімет алып, энциклопедия дайындау. Яғни, Ақтөбеден шыққан азаматтарды Ақтөбеге, кейін Қазақстанға паш ету, өсіп келе жатқан ұрпаққа Ақтөбе жерінде қандай азаматтар дүниеге келгенін, халық үшін, мемлекет үшін қандай қызмет жасап жүргендерін көрсету», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Форумға қатысқан республикалық трансплантология орталығының директоры Жақсылық Досқалиев те қатысты. Ол алдағы уақытта өңірде медицина саласын дамытуға үлес қосатынын жеткізді. «Қазақстанның қай жері болса да өте ыстық, жақсы. Бірақ туған жердің ыстығы, лебізі, үні ерекше болады екен. Адамның жасы үлкейген сайын өзіңнің туған жерің, кіндік қаның тамған жер ыстық, жылы, адам жанына жақын болады. Қазақта «Еліңе барып, еркін бол» деген сөз бар. Ақтөбеде тәрбиелі, білікті мамандар, профессорлар шықты. Мақтан тұтар азаматтар өте көп. Өңірде медицина саласы жақсы дамып келе жатыр деп ойлаймын. Туған жерге өз үлесімді ала келдім. Трансплантация, хирургия саласын әрі қарай көркейту, жаңа биікке көтеру жоспарда бар», - деді Ж.Досқалиаев. 

Соңғы жаңалықтар