Ақтөбеліктер жәрмеңкеде картоп кезегіне тұрды

None
None
 АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Қала тұрғындары картоп кезегіне тұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында бір ай ішінде картоп құны екі есеге қымбаттады. Қыркүйекте картоп бағасы базарда 70-80 теңге болса, қазір келісі 120-140 теңгеден сатылып жатыр. Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі бірнеше сауда орнында жәрмеңке өтетінін хабарлап, баға базардан 15-20 пайызға арзан болатынын айтты.
null

«​Қаламыздың тұрғындары көп шоғырланған аудандарында, сондай-ақ қалаға қарасты ауылдық округтерде әр сенбі сайын көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғасып жатыр. Сенбіде Новый ауылдық округінде, «Алтай», «Аида», «Достан» және «Табыс» базарларында жәрмеңге өтеді. ​Қала тұрғындарына жәрмеңкелерде тұрақтандыру қорының тауарлары, өңіраралық кооперация шеңберінде басқа өңірлерден жеткізілген тауарлар және жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен шаруа қожалықтарының өнімдері ұсынылды. ​Жәрмеңкелерде азық-түлік өнімдері базар бағаларынан 10-15 пайызға төмен сатылады»,- деп хабарлады баспасөз қызметі. Бірақ қала тұрғындар базардан арзан өнімді таба алмады. Картоп бағасы көтеріледі дегенді естіген сатып алушылар 20-30 мың теңгесін жұмсап, қысқа сақтап жатыр.
null

«Базарда картоп арзан болады деген үміткен келіп едім. Бірақ бәрі қымбат. Картоп өткен жылы 70-80 теңге болды. Күзде қабымен сатып алып, қысқа сақтайтынбыз. Қазір қалтамыз көтермейді. Бір қабын 5 мың теңгеге алдым. Бұл не масқара. Бізде картоп өсіретіндер көп, пайдасы аз»,- деді қала тұрғыны Закия Асанқызы. Жәрмеңкеде сәбіз келісі 100 теңге, қырыққабаттың келісі 60, пияз келісі 70-80 теңге болды. Ақтөбеліктердің көбі картоп кезегінде тұрып, коммуналдық базар маңына көлік сыймады. 

null

Соңғы жаңалықтар