Ақтөбеліктер жаңа құрылған екі ауданның атауын талқылап жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қалалық әкімдігі жаңа құрылған екі ауданға Алматы мен Астана атауын беруді ұсынды. Ал ақтөбеліктер Елек пен Сазды атауын жөн көріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында екі ауданға атау беру бойынша қоғамдық тыңдау өтіп жатыр. Бүгін Тахауи Ахтанов атындағы драма театр мен қалалық мәдениет үйінде халық жиналып, өз пікірін білдірді. Қазіргі кезде әкімдік Алматы мен Астана атауын жөн көріп отыр.

«Ақтөбе қаласында жаңа екі ауданды құру биыл 29 наурызда талқыланып, мәслихат депутаттары бірауыздан шешім қабылдады. Соңғы он жылда қала тұрғындарының саны  306 мыңнан 477 мың адамға дейін өсті. Халықтың жыл сайын өсімі 10-15 мың адам болып отыр. Қалада шағын және орта бизнес белсенді түрде дамып келеді. Жыл сайын 2 мыңнан астам жаңа бизнес субьектісі ашылуда. Қалада көшелерге, елдімекендерге атау беру бойынша жұмыс тобы өз қызметін атқарып жүр. Оның құрамына ғалымдар, қоғамдық ұйым басшылары, депутаттар, ардагерлер кіреді. Жаңадан құрылған екі ауданға атау беру жұмыс тобында талқыланды. Халықтан Елек, Сазды, Астана, Қарғалы, Бауырластар, Алматы, Абай, Әбілқайыр хан, Бөкенбай батыр деген бірнеше ұсыныс түсті. Атауларды саралай келе Астана және Алматы атауларына тоқталды»,- деді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова.
null 

Айта кетейік, ұсыныстарды Ақтөбе қалалық мәслихатының сессиясында қаралып, республикалық ономастикалық комиссиясына жіберіледі. Кейін Ақтөбе облыстық мәслихат сессиясында қорытынды шешім қабылданады. Бірақ әкімдік ұсынған Алматы мен Астана атауына ақтөбеліктердің кейбірі қарсы болып, өз нұсқасын ұсынды.
null 

«Сазды селолық округіне барып, халықпен кездестім. Тұрғындардан әртүрлі ұсыныс түсті. Қазақ батырларының атын, Әлия Молдағұловаға атау беру айтылды. Бір ақсақал «батырдың атын берсек, талас туады» деп түсіндірді. Кейін Елек пен Сазды атауын беруді айтты. Мен де халықты қолдаймын»,- деді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ақтөбе облысы бойынша сарапшысы Нұрлан Махамбетов.
null 

Ал мұғалімдер екі ауданның Алматы деп Астана атауын қолдады.

«Қаланың қазіргі өсу қарқыны өте жоғары. Елден көшіп кету азайып, қоныстанушылар көбейді. Оны мектепке дейінгі, мектеп оқушылары контингентінен аңғаруға болды. 2013 жылы қалада 67 мың бала болса, 2017 жылы 96 мыңға жетіп отыр. Қала тұрғындарының саны 400 мыңнан асты. Бұл медицина, білім, ішкі істер қызметкерлерінің жұмысын күрделендірді. Бұрын да Ақтөбеде екі аудан болды. Тәжірибені пайдалана отырып, қаланы екі ауданға бөлген жөн. Бұл 13 мың мүшесі бар білім саласының қызметкерлерінен құрылған кәсіподақта талқыланды. Біз Алматы мен Астана атауын қолдап отырмыз. Алда бәсекелестік күшейіп, білім сапасы артады деп үміттенеміз»,- деді Ақтөбе қалалық білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы Лида Оралбаева.  

Соңғы жаңалықтар