Ақтөбеліктер Төреғали мен Еркені сахнада үнсіз қалдырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтауға сахна жұлдыздары Төреғали Төрәлі мен Ерке Есмахан шақырылды. Мерекеге халық көп жиналып, ырыққа көнбеген тыңдармандар сахнаға лап қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Құрылысшылар күні Ақтөбеде шағын саябақ ашылып, еңбеккерлерге ескерткіш тас қойылды. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мереке иелерін құттықтап, алғысын білдірді.

«Ақтөбелік құрылыс компаниялары көктемгі су тасқыны кезінде баспанасы қирап, жарамсыз күйге түскен өз жұмысшыларына пәтер берді, өзгелерге көмектесті. Өңір басшылығы атынан құрылысшыларға алғыс айтамын. Біздің құрылысшыларымыз мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда табандылық танытып жүр»,- деді облыс әкімі. Кейін құрылысшылар төсбелгілермен, алғыс хаттармен марапатталды.  


Айта кетейік, құрылысшылар күніне Төреғали Төрәлі мен Ерке Есмахан арнайы шақырылып, хабарландыру әлеуметтік желі арқылы берілген болатын. Кешкелік Тұңғыш Президент атындағы орталық саябаққа жиналған халық қарасы көп болды. Төреғалидің бірнеше әнінен соң оның кішкентай тыңдармандары суретке түсіп, кейін сахнаға шығып кетті. Лап қойған кезде техника істен шығып, Төреғали мен Ерке бірнеше минут сахнада үнсіз тұрды. Сүйікті әншілерін көруге барған ақтөбеліктер кейін бір-бірін итеріп, балалар ата-аналарын жоғалтып алды. Төреғали ақтөбеліктерді сабырға шақыра бастады. 

@erke_esmahan мен @toregalitoreali-дің фанаттары САХНАНЫ БАСЫП АЛДЫ #ақтөбе

Публикация от Асқар Ақтілеу (@askar_aktileu) Авг 11 2017 в 10:19 PDT

Ерке мен Төрештің Ақтөбедегі фанаттары МЫҚТЫ (Оларға тəртіп сақшыларының əлі де келмеді) @erke_esmahan @toregalitoreali

Публикация от Асқар Ақтілеу (@askar_aktileu) Авг 11 2017 в 10:27 PDT

Соңғы жаңалықтар