Ақтөбеліктер сасық иістен құтылатын болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік экологтар өткен жылы сасық иіспен күресіп, бірқатар жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының экологиялық ахуалы өткір мәселеге айналды. Өткен жылы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауадағы сасық иісті кетіре алмаған экологтарға сол аймаққа барып тұруды ұсынды. Себебі, қала тұрғындары күкіртті сутектен аллергия дертіне шалдықққан болатын.  Ал биыл арнайы жоспар құрылып, иісті жою үшін ағынды суға бактериялар жіберу ұсынылып отыр.

«Өткен жылы ауаны ластаудың 144 дерегі анықталды. Сонымен қатар, 2016-2017 жылдары жағымсыз иістің көзін анықтау жұмыстары жүргізілді. Зерттеу кезінде жағымсыз иістің шығу жерлері белгілі болды. Біріншіден, кәріз құдықтары мен оның жан-жағындағы ластанған заттар, екіншіден спирт өндірісінен қалған қалдықтар жиынтығы. Ақтөбе қаласының әкімдігі мен қаланы сумен қамтамасыз етіп отырған «Ақбұлақ» АҚ жұмысқа кірісті. Иісті залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұлов.

Қазір Ақтөбе қаласында лас сулар жинайтын 53 кәріз сорғылау станциясы бар. Мұнда күн сайын 5 мыңға жуық кәсіпорын қалдық су құйып отыр. Жергілікті коммуналдық мекеме кәріз суын тазарту, иісті жою технологияларын меңгеру үшін өз мамандарын Ресейдің Подольск қаласына жіберді. Биыл кәзір құрықтарына сүзгілер қою, арнайы бактериялар жіберу  жұмысы жүргізіледі.   

Соңғы жаңалықтар