Ақтөбеліктер латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын сөз етті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік филологтар мен қоғам қайраткерлері, өңір белсенділері латын әліпбиіне көшудің маңындылығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Латын әліпбиіне көшудің жолдары мен маңыздылығы «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесінде талқыланды. Аймақтық «Мирас» кеңесінің төрағасы, мәдениет қайраткері Еркін Құрманбеков латынға көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашатынын айтты. Алға жетелейтін, мол мұраға қол жеткізетін жолды таңдау - ел ертеңіне арналған іс. Латын әліпбиіне көшу бағытындағы жұмыс бұрын басталды, қазір жалғастып жатыр. Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаеваның айтуынша, алдағы уақытта республика деңгейінде семинар, тренингтер ұйымдастырылады.

null

«1928-1940 жылдары арасында әдеби шығармалардың бәрі латын әліпбиінде шығарылған. Бейімбет Майлиннен бастап сол кездегі жазушылардың мұралары латын тілінде басылған, мұражайда сақталған. Қазіргі кезде қазақ тілінің дыбыстық орфоэпиялық жүйесін жоғалтып алу қаупі басым. Қалай жазылады, солай оқылатын әдіс тауып алып, оны қазақ тіліне тән мәселе секілді қабылдап кеттік. Іс жүзінде олай болмауы керек. Біз бәрін кирилица жүйесінде қабылдап отырмыз. Мәселен, Отан деген сөз орыс тілінен транслитерацияланғанда о әрпінің орнына а әрпі қолданылып жүр. Шекара, келятырмыз- келе жатырмыз, жатырық деген сөздер тіл құрылысының бұзылу қаупі бар екенін көрсетеді. Бұл мәселені ең бірінші лингвистер көтерді. Себебі, тілдің нәзіктігі сондай, бір-екі ұрпақ алмасқаннан кейін ол тіл маргиналдық тілге айналады. Яғни, мүлде өрескел бұрмаланған тілге әкеледі. Мұны зерттеу қорытындылары да дәлелдейді»,- деді ол.

Ақтөбе қаласындағы «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ филиалының төрағасы Шахбаз Жамалов Әзербайжан Республикасы латын әліпбиіне осыдан 26 жыл бұрын көшкенін, бұл әліпбиді меңгеру өте оңай екенін жеткізді. Жиынға өңірдегі филологтар, тіл мамандары, қоғам белсенділері мен өзге ұлт өкілдері де шақырылды.

null

«Мен «Әзербайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жергілікті филиалында ашылған арнайы курстарға қатысып жүрмін. Қазір латын әліпбиімен еркін жаза аламын. Бұл әліпбиді меңгеру өте оңай. Сонымен қатар, жастардың барлығы қазір ағылшын тілін жақсы біледі», -деді Шахбаз Жамалов.

Соңғы жаңалықтар