Ақтөбеліктер құрбандық шалу үшін кезекке тұрды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер құрбандық шалу үшін кезекке тұрып, қасапшының қызметін пайдаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін ақтөбеліктердің еш кедергісіз құрбандық шалуы үшін барлық мүмкіндік жасалды. Мал базарлары арнайы белгіленіп, дәрігерлер тексеру жүргізді. 

«Таңертеңнен бастап базарға келген малдың жарамдылығын тексеріп жатырмыз. Қобда, Ырғыз, Әйтеке би, Ойыл аудандарының шаруалары малды арнайы дайындап әкелген. Бәрін аралап, құжаттарын қарадық. Сойған малдың терісі мен ішек-қарнын жинап, залалсыздандырылады», - деді мал дәрігері Бақытжан Айнағұлов.

Құрбан айт күні қозы бағасы 17-20 мың, тоқты 23-25 мың, ал қой бағасы 25-30 мың теңге болды. Қасапшылар қызметіне 3 мың теңге алды.


 Құрбан айт күні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұр Ғасыр», «Нұрдәулет» мешіттерінде болды.
null

«Ислам - қоғамды бірігуге шақыратын дін. Нағыз мұсылман әрқашан жақсылық жасап, жақындарына жамандық пен зиян келтірмей, ешкімге залалын тигізбеуі қажет. Имандылық жолындағылардың ниеті қашан да таза болып, уағыз айтуға бағытталуы тиіс. Әрбір дін ұстанушы халықтың бірлігі мен конфессияаралық келісімді нығайтуға себепші болуы қажет. Осының арқасында Қазақстанның дамуы жалғасады, еліміз бейбітшілік пен келісімді сақтай отыра Президенттің тапсырмасын орындайды»,- деді Бердібек Сапарбаев. Мереке күні өңір басшысы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға мектеп құралдарын берді.
nullnull

«Мектепке жол» акциясы аясында 110 отбасыға көмек көрсетілді. 

Соңғы жаңалықтар