Ақтөбелік тәртіп сақшылар топтасып төбелесу әрекетінің алдын алды

None
None
АСТАНА. КазАқпарат - Ақтөбе облысының ІІД Уәлиханов көшесінде болған жағдайға байланысты түсініктеме берді. Осыған дейін әлеуметтік желілерде қала базарларының бірінде атыс болғандығы жөнінде ақпарат тараған болатын.

«Ақтөбедегі базарлардың бірінде топтасып төбелеспек болғандар туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына полицияның кезекшіліктегі кешенді күштері жіберілді. Тәртіп сақшыларының жедел қолданған шараларының нәтижесінде бірқатар күдікті азаматтар ұсталды. Күдіктілерді ұстау кезінде арнайы құрылғылар мен қару қолданылған жоқ»,-деп хабарлады ІІД өкілдері.

Полиция қызметкерлерінің түсіндірулерінше, күдікті азаматтарды тексеру барыснда олардан суық қарулар мен атыс қарулары табылған жоқ, деп жазады Timeskz.

«Осы уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүріп жатыр. Қалада атыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», деп хабарлады облыстық ІІД қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар