Ақтөбелік студенттер қоғамдық көлікте аналарға ән арнап, гүл сыйлады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбелік студенттер бүгін қоғамдық көлікке мініп, аналарға ән арнады. Алдын ала дайындалған жастар нәзік жандыларға гүл сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында білім алып жүрген жастар бүгін қоғамдық көлік ішін әнге бөледі. Халықаралық әйелдер күніне арнайы дайындалған студенттер мен еріктілер №1, 15, 27 бағыттарымен жүретін автобустарға мініп, «Анаға сәлем», «Мама», «Анама» атты әндерді орындады. 

null


null

«Жастар ақтөбелік қыз-келіншектерге, аналарымызға мереке сыйлау үшін арнайы дайындалды. Біз бір мезетті үш бағыт бойынша жүретін қоғамдық көлікке мініп, ән шырқадық. Бүгін аналарымыз өз мейірімін білдіріп, алғыстарын айтып жатты. Шынын айтқанда, кішкене ғана сыйлыққа шын қуанатын анамыз ғана. Олар аман болса, алдымызда жадырап жүрсе, әлем күлгендей. Сондықтан бала ана үшін, оның қуаныш көру үшін барын жасайды. Біз де оларға жақсы әсер қалдыру үшін қолымыздан келер істі ұйымдастырдық», - деді Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасы, жастар ресурстық орталығының маманы Нұрсұлтан Досекешов. 

null

Айта кетейік, бүгін жастар жүзден астам гүл таратып, аналардың алғысын алды. Автобус ішінде, аялдамада сый алған ақтөбеліктер өз ризашылықтарын білдірді.  
null




nullnull

Соңғы жаңалықтар