Ақтөбелік шенеуніктер сыйлыққа алған шай мен ішімдікті мемлекетке тапсырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметкерлер сыйға алған заттарын мемлекетке тапсырды.  Енді ақтөбелік шенеуніктерге сыйға берілген шай, қымбат ішімдік пен картиналар сатуға шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алуға тыйым салынғаны белгілі. Жыл басынан бері ақтөбелік қызметкерлер 12 затты ҚР Қаржы министрлігі, Мемлекеттік Мүлік және жекешелендіру комитетінің Ақтөбе мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне тапсырды. Олардың ішінде авторлық картиналар, шоколадты жент пен шай бар. Сонымен қатар, «Scottish Hunter» ішімдігі де тапсырылған. Қобыз кәдесыйы, бірнеше банктің блакноты мен шай ішуге арналған ыдыс-аяқ, қораптағы конфетті мемлекеттік қызметкерлер департаментке берген. Енді бұл заттардың бәрі сатылымға шығарылады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге берілген сыйлық арнайы қорға тапсырылуы тиіс. Сыйлықтың бәрі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілді. Алдағы уақытта сыйлықтар сатуға шығарылады», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің баспасөз хатшысы Махаббат Дармышева. 

Соңғы жаңалықтар