Ақтөбелік полицейлер мереке күні көшеде гүл сатқандарды жазаламауға уәде берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Халықаралық әйелдер күні көшеде гүл сатып тұрған адамдар жазаланбауы мүмкін. Ақтөбелік полиция қызметкерлері мереке күні нәзік жандыларды құттықтауға асыққан ер азаматтарға түсіністікпен қарауға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе өңірлік коммуникациялар орталығында баспасөз мәслихатын өткізген полиция қызметкерлері облыс бойынша қылмыс саны 19 пайызға азайғанын жеткізді. Облыс бойынша қоғамдық орындар қатаң бақылауға алынған. Адамдар көп шоғырланатын орындарда 235 бейнебақылау камерасы тұр. Өткен жылы камера арқылы 97 қылмыс тез арада ашылды. Барлығы 19 мыңнан астам құқықбұзушылық камераға тіркеліп қалған. Дегенмен полиция қызметкерлері Халықаралық әйелдер күні көшеде гүл сатып жүрген адамдарды қатаң жазаламауға уәде берді.

«Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес жабайы саудаға тыйым салынып, айыппұл салу қарастырылған. Бірақ Халықаралық әйелдер күні жігіттердің нәзік жанды аруларды құттықтауы үшін бар жағдайды жасаймыз»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.

Соңғы жаңалықтар