Ақтөбелік оқушылар полицейлердің өмірімен танысты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Мен және менің полициям» атты республикалық акция өтіп жатыр. Мектеп оқушылары полиция қызметкерлерінің жұмысын қағаз бетіне түсіріп, ерлікпен қаза тапқандардың өмірімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе полициясының қызметі оқушыларға таныстырылып жатыр. Мектеп оқушылары Ақтөбе облыстық ІІД мұражайына барды. Музей 1989 жылы жабдықталып, 2004 дылы қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Мұнда полиция қызметкерлерінің әр жылдардағы киімдері, қару-жарақтың үлгілері бар. Сонымен қатар, ішкі істер органдары қызметкерлерінің марапаттары сақтаулы. Музейде 2011, 2016 жылдары болған лаңкестік оқиғалар кезінде ерлікпен көз жұмған полиция қызметкерлерінің суреттері ілулі тұр. Ақтөбелік оқушылар тәртіпті бақылап, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлерінің жұмысымен танысып, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, жол ережелерін үйренді.

null 

«Мектеп оқушылары өте белсенді, полиция жұмысына қызығады. Олар «Полиция қызметкері кім?» деген тақырыпта сурет салды. Балалар ойын әртүрлі жеткізген. Бірі жол ережесіне жауапты деп ойын білдірді, екіншісі біздің қорғанымыз, қауіпсіздікті сақтаушы ретіде түсіндірді. Олар бір-бірін қайталаған емес, ойлары ұшқыр»,- деді мектеп инспекторы Оңай Мырзабекова.

null 

Ақтөбелік оқушылар полицияны өз қорғаны деп санайды. Мектеп балалары олардың жұмысына қызығады.

null 

«Мектеп инспекторларын танимыз және олармен бірге жұмыс істейміз. Сондықтан біз үшін полиция тақырыбында сурет салу қиынға соққан жоқ. Тәртіпті бақылайтын, бұзық балаларды жөнге салатын құқық қорғаушылар біз үшін үлгі», - деді Ақтөбе қалалық №21 мектеп-гимназиясының оқушысы Дильназ Нұрмұханбет.

null  

Айта кетейік, акция аясында барлық аудан, ауылда кездесулер мен тәрбие сағаттары өтіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар