Ақтөбелік мүгедек Қытайға барып ем қабылдау үшін Сапарбаевтан көмек сұрады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеде қаласының тұрғыны Ұлан Сырғабаев өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың кездесуіне барып, демеуші болуды сұрады. Ол Қытайда ем қабылдағысы келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың есебі кезінде баспана, жер мәселесі қозғалды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар алғыс айтып, балаларын шетелге емдеп келген отбасылар ризашылығын білдірді. Ал І топ мүгедегі Ұлан Сырғабаев Қытайда ем қабылдау үшін демеуші тауып беруді сұрады.

«Он жылдан бері мүгедектік арбада отырдым. Оңалту орталықтарында ем қабылдап, күнде жаттығу жасаймын. Жаттығу залы болмаса да шведтік баспалдақты пайдаланып жүрмін. Мұның да пайдасы аз. Өзім бір рет Қытайға барып келіп, аяғымдағы бармақтарым қозғалды. Көп үміт артып отырмын. Демеуші тауып берсеңіз тағы барып ем қабылдап, жүріп кетемін деп ойлаймын. Менің өмір сүргім келеді. Баламды тәрбиелесем деймін»,- деді мүгедек Ұлан Сырғабаев.

Ақтөбе облысы бойынша 24 мыңнан астам мүгедек бар. Оның 5 мыңнан астамы бала. Ақтөбе қаласында тұратын мүмкіндігі шектеулі жандар бір қоғамға бірігіп, өз мәселелерін жергілікті билікке жеткізіп жүр.

null 

«Бұл ұсынысты орынбасарым Ербол Нұрғалиевке тапсырамын. Кәсіпкерлердің, өндіріс орындарының көмегімен «Парыз» қоры құрылды. Мақсатымыз - мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек беру, қолдау. Ауыратын, мүгедек балаларға да көмектесеміз»,- деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев. 

null 

Соңғы жаңалықтар