Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 330.22
EUR 388.07
RUB 5.60
CNY 49.93

Ақтөбелік кәсіпкерлер ЭКСПО технологияларын өндіріске енгізуде

Ақтөбелік кәсіпкерлер ЭКСПО технологияларын өндіріске енгізуде
2017 жылғы 25 қыркүйек 20:46 783

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік кәсіпкерлер ЭКСПО көрмесінде ұсынылған озық технологияларды өндіріске енгізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Энергетика министрлігінің ұйғарымымен Ақтөбе жаңа технологияларды енгізуге қолайлы аймақтар қатарына енді.

Негізінен ЭКСПО халықаралық көрмесіне Ақтөбеден 92 кәсіпорын өкілі барған. Олар инновациялық технологияларды егжей-тегжейлі зерттеп, бастамашыларымен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде 25 ақтөбелік кәсіпорын көрме кезінде ұсынылған жалпы құны 43 миллиард теңгені құрайтын технологияларды өз өндірістеріне енгізбек. Бұл аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартуға, энергияны пайдалану тиімділігіне және еңбек өнімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді.

«ЭКСПО көрмесінде көрсетілген технологиялардың, жаңалықтардың өңірді дамытуға үлкен әсерін тигізетін мүмкіндігі бар. Оларды экономиканың түрлі салаларына, соның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына кеңінен енгізу қажет»,- деді аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев.

Ақтөбелік кәсіпкерлер ЭКСПО технологияларын өндіріске енгізуде

Статистикаға сүйенсек, халықаралық көрмеге Ақтөбе облысынан 136 мың адам барған. Көрме кезінде ұсынылған жаңа технологияларды қолдану жайы «ЭКСПО-2017: Өңірлердің дамуына жаңа серпін» атауымен өтетін «Ақтөбе-Инвест-2017» форумы кезінде талқыланады.

 

 

Басты сөздер: EXPO-2017, Ақтөбе облысы, Өнеркәсіп, Кәсіпкерлік, бизнес, Әкімдік,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер