Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 333.03
EUR 392.61
RUB 5.82
CNY 50.54

Ақтөбелік кәсіпкер тәулігіне 2 келі салмақ қосатын ірі қара өсірудің жолын айтты

Ақтөбелік кәсіпкер тәулігіне 2 келі салмақ қосатын ірі қара өсірудің жолын айтты
2017 жылғы 13 қазан 12:56 629

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Aktobe Invest-2017» халықаралық форумы өтіп жатыр. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының дамуына бағытталған жиында ақтөбелік кәсіпкер мал бордақылау, ет экспорттау жолын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде өтіп жатқан «Aktobe Invest-2017» халықаралық форумы аясында «Жаһандану кезеңіндегі агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі» отырысы өтті. Жиынға Ауыл шаруашылығы министрлігі, «НҰХ» ҚазАгро» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, аймақтың агроөндірістік кешені, жергілікті қаржылық институт өкілдері, шетелдік ірі компаниялардың құрылтайшылары қатысты.

Қазіргі кезде Ақтөбе облысында ет, сүт және астық кластерлері жақсы дамып келеді. Сонымен қатар, жылыжай, жеміс-жидек дақылдары, балық өсіру және дәстүрлі емес шаруашылықтың жұмысында да өсім бар. Мәселен, соңғы үш жылда ірі қара малы 18,7 мың басқа, қой 49,6 мыңға, жылқы 13,6 мың басқа көбейді. Егін алқабының көлемі артып, соңғы үш жылда 656 мың гектарға жетті. Өңірде ет экспорты жолға қойылды. Форумға қатысқан «АкТеп» ЖШС құрылтайшысы Нұрлан Сағыналиннің айтуынша,  ет комбинаты кешені қалдықсыз жұмыс істейді. Мұнда 9 мың бас бордақылау алаңында тұр. Ауыл шаруалары, қарапайым тұрғындар күніне 350-450 тайынша әкеліп, бордақылауға тапсырады. Шаруашылықта ангус тұқымды ірі қара тәулігіне 2 келі, ал ауыл адамдарының малы тәулігіне 1 келі салмақ қосады.

Айта кетейік, «АкТеп» ЖШС ет комбинаты 2015 жылы іске қосылды. Компания етті ірі қара өсірудің бағдарламасын әзірледі. Ауыл, аудандағы шаруалардың малын бағып, семіртіп берді. Ал шаруа ірі қараның салмағына ақы төлейді.

«Қазіргі кезде 3 мың бас ірі қараны жалға алып отырмыз. Яғни, ірі қараны бағамыз, жемдеп, семіртеміз. Малды кейін шаруаға қайтарып береміз. Жаңа бағдарлама бойынша жұмыс басталды. Шаруашылыққа кем дегенде 30 бас ірі қара болуы керек. Мамандар барып, әр ірі қараны өлшеп алады. Бұл жұмыстар көршілес облыстарда да жүреді»,- деді «АкТеп» ЖШС құрылтайшысы Нұрлан Сағыналин. Мұнда жылына 7200 тонна ет өңдейтін кешен бар. Ет Ресейге экспортталып жатыр. Жоба мемлекеттік бағдарлама арқылы іске қосылып, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржыландырылды. 

Ақтөбелік кәсіпкер тәулігіне 2 келі салмақ қосатын ірі қара өсірудің жолын айтты

 

 

 

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Ауыл шаруашылығы,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер